“Түйме. Кз” жеке меншік кәсіпорны Қытай астанасы Пекинде орналасқан “Нұрлы аспан” тігін фабрикасының Қазақстандағы заңды өкілі.

Нұрлы Аспан фабрикасының негізі 1988 жылы қаланған. 2004 жылдан бері халықаралық аренада сауда жасап келеді. Қазақстанмен іскерлік байланысын 2008 жылы бастаған. Қытайдың ішкі нарығының 60 пайызына иелік ететін бұл компания Түркия, Иран, Ауғанстан Жапония, Корея, Ресей, Қырғызстан, т.б. елдерде тұтынушылар сұранысынан абыроймен жауап беріп келеді.

Өндірістің автоматтандырылған жүйесі сапасы жағынан шетелдік үздік бұйымдарға жол бермейтін, тоқыма өнеркәсібінде дүниежүзілік деңгейінің талаптарына сай келетін, өлшемдері саналуандығымен, бәсекеге қабілеттілігі жөнінен бәрінен басым бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді.